Құрманғазылықтар Республика күнін тойлады

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім, кең байтақ жерім – бабаларым аңсаған» атты салтанатты жиын өтті.

Құрметті қарауыл Мемлекеттік туды залға енгізгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Аудан әкімі Марат Мурзиев биыл елімізде өткен алғашқы ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Республика күні» мейрамын қайта жаңғыртып, ұлттық мереке деңгейінде тойлау туралы мәлімдегенін еске салып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болған мәртебелі мерекемен құттықтады.

img_5245

Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының шешімімен денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және дипломымен Құрманғазы аудандық ауруханасына қарасты Алға дәрігерлік емханасының аға дәрігері Жарқын Абулқайровты, аудандық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, дәрігер реаниматолог-анестезиолог Ислам Абулхайровты марапаттады. Сондай-ақ, ауданның Құрметті азаматы атағымен білім саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен ардагер Амангелді Хилауовты, облыс әкімінің Алғыс хатымен айтыскер ақын, өңірімізде айтыс додаларын ұйымдастырушы Мүтиғолла Ғаниді ұлығыласа, бір топ ардагерлерге Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай естелік төсбелгісін, түрлі салада нәтижелі еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарға ауданның Құрмет грамотасын, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадырбай Жармұхамбетов бүгінгі күні айрықша сипат алған ұлттық мерекенің тарихынан сыр шертіп, егемендігіміздің – еңселі, Тәуелсіздігіміздің – тұғырлы болуын тілеп, ақ батасын берді.

 

img_5268

img_5293

img_5279

 

Зал толы көрермен С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Салтанатты шара аудан өнерпазы Қадіржан Хасановтың орындауында Қадырғали Абрахмановтың сөзіне жазылған, Ибрагим Хабибуллиннің әні «Асыл мекен Құрманғазым» әнімен қорытындыланды.

img_5305

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT