Жақында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының шекарасындағы орталық коллектордан су жайылып, орын алған төтенше жағдай салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды.
Бүгінде республика өңірлері су басқан аймаққа гуманитарлық көмек көрсетуде. Бұл тұрғыда құрманғазылық еріктілер және газель жүргізушілер күй өңірінен Мақтаарал, Жетісай аудандарына көмек ұйымдастыруды қолға алды.
«Мирғали» автотұрағындағы газель автокөліктері бүгіннен бастап 6 мамыр күні кешкі сағат 18:00-ге дейін тұрғындардан киім-кешек, төсек-көрпе, бұзылмайтын азық-түлік тағамдары, тұрмысқа қажетті бұйымдарды қабылдайды.
Құрманғазы аудандық «Серпер» газеті редакциясы