Еліміздегі ахуалға байланысты аудандағы балық аулаумен айналысатын шаруашылық құрылымдары тұрғындарға жаңа ауланған балықты қолжетімді бағада сатуды ұйымдастырып келеді.
Бұл жолы «Каспий таңы» өндірістік кооперативінің кезегі келді. 1 тоннаға жуық ірі, орта, ұсақ бөлікке бөлініп әкелінген сазандардың бағасы 400 теңгеден сатылды. Жаңа ауланған құлаш-құлаш сазандарға қызыға қараған жұрт бірден кезекке тұра қалды. Әдетте, тұрғындар жеңсік асты сағына күтіп, осындай көктемгі науқан кезінде ауыз тиіп үлгеріп қалатыны белгілі.
А.Шакупова