Құрманғазылықтар – байқаудың үздіктері

(0 Votes)

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау және мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен ұйымдастырылған «Адалдық.Әділдік. Парасаттылық» онлайн шығармашылық байқауында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді.

Байқау талаптарына сәйкес қатысушылар әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыбында ақын-жазушылардың немесе авторлық шығармаларды оқып, бейнероликті инстаграм әлеуметтік желісіне жариялады. #1424, #жемқорлықтытоқтат хэштегтерімен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің @adaldyg_alany_atyrau парақшасын белгілеп, 50-ге жуық қатысушы байқауға үміткер болды. Нәтижесінде, жоғары ұпай жинаған 3 құрманғазылық қатысушы үздік болып танылды. Олар, ардагер журналист Таңатар Дәрелұлы, «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау филиалы Аtyray телеарнасының Құрманғазы ауданындағы меншікті тілшісі Ақтілек Абайқызы және Дүйсенғали Ғұмаров атындағы халық театрының қоюшы режиссері Айжанар Нұрлыбекқызы. Жеңімпаздарға жобалық кеңсе жетекшісі Альфия Адиеваның қолы қойылған диплом мен естелік сыйлық табысталды. Қалған 10 қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521