Құрманғазылықтар «Абай күнін» атап өтті

(0 Votes)

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы және композитор Абай Құнанбаевтың құрметіне «Абай күні» аталып өтуде. Осыған орай Абай атындағы жалпы орта мектептің алдындағы кемеңгер ойшылдың ескерткішінің алдында мәдени шара жүзеге асып, гүл шоқтарын қою рәсіміұйымдастырылды.

66d0e936-5f4b-4a29-9ad9-e912691ed442

32fe102f-dc1d-4064-8dc5-ef6aee5ad440

Аудан әкімі және аудан ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі және орталықтандырылған кітапхана, аудандық аналар кеңесі, Абай атындағы жалпы орта мектебі атынан гүл дестелері қойылып, хәкім рухына тағзым етілді.  

a41de1cb-7fa5-40df-bf8a-bd8cbed40ec0

Аудан әкімінің міндетін атқарушы, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының төрайымы Гүлнар Хасанова, академик –жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, кемеңгер тұлғаға айрықша құрмет көрсету, оның есімін ұлықтау, шығармаларын оқу, тоқу, зерделеу «қалың елі, қазағы» баршасының ортақ міндеті екенін жеткізді.

Шарада мектеп оқушылары ұлы тұлғаның өшпес өсиетпен өрнектелген өлеңдерін жарыса жатқа оқыды. 

Айнагүл Шакупова  

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521