Құрманғазылық тұрғын жол ережесін бұзды

(0 Votes)

Аталған азамат өзіне тиесілі автокөлікті басқару кезінде жол ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

«Сотталушы басты жолмен келе жатқан көлік құралына жол бермей, онымен соқтығысқан. Кейін полиция қызметкерлерінің келуін күтпей, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сонымен қатар, ол бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жүргізушілік куәлігінен айырылған», - деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен жүргізушіге 125 010 теңге айыппұл салынып, 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521