"BIRGEMIZ:ASYL MURA" жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауына Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадиева Нургул Сатыбалдықызы ерікті ретінде мәдени бағытта "Құрманғазы-киелі өлке" тақырыбында жобасын ұсынды.
Нәтижесінде грант иегері атанып, 300 000 (үш жүз мың ) теңгені қанжығасына байлады. Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы"КЕАҚ"Тарихи-мәдени нысандарды сақтау бойынша волонтерлерді тарту бойынша "Birgemiz: Asyl mura"жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру"гранты аясында өтті.
Байқаудың мақсаты: Тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту.