ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ: «ЖІГЕРЛІ ЖӘНЕ МІНЕЗДІ БОЛУ КЕРЕК»

(0 Votes)

Бүгінде ішкі істер саласында тек ер азаматтар ғана емес, олармен иық тірестіріп, қызмет атқарып жатырған нәзік жандылар да жетерлік. Олар біреудің аялаған үкілі қызы, біреудің мейірімді келіні, біреуге жар, ана!

Олар күн демей, түн демей өздеріне берілген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарып жүр. Осындай күрделі де жауапкершілігі мол жұмыста оларды нәзік жанды деп атауға келе ме?

Ішкі істер саласында қызмет атқарып келе жатқан нәзік жандылардың бірі- анықтаушы Теміржанова Айнұр. Табиғатынан дарыған нәзіктілігі, сыпайылығы бар Айнұрды өзгелер бір көргеннен құқық қорғау органдарында қызмет атқарады деп ойламайды. Дегенмен, биыл 5 жылдан астам уақыт ішінде оның жоғарғы кәсібилігі мен шыдамдылығын, спорт жағынанда жеткен жетістіктерін әріптестері жақсы біледі және бағалайды.

Осы мамандықты таңдауда не түрткі болды, деген сауалымызға:

- Бала кезімнен өзімді құқық қорғау саласында қызмет атқаратындай сезінетінмін. Теледидардан орын алып жатырған қылмыстарды көрген кезімде, қылмыскерлерді ұстап , елімізде құқық бұзушылықтар әрі қарай өрбіп кетпеуіне менің де пайдам тисе деп армандайтынмын. Сол себепті, 2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын арнайы таңдаған да едім. Кейін 2015 жылы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында білім алып, Атырау облысы Полиция департаменті Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөнінде учаскелік полиция инспекторына тағайындалдым. Кейіннен, аудан полиция бөлімінің анықтаушы қызметіне тағайындалдым, дейді полиция капитаны.

-Бір күндік жұмыс тәртібіңіз қандай, деген сұрағымызға:

- Уақыттың көбі дерлік жұмыс орнымда өтеді. Кесте бойынша кезекшілікке де түсемін. Кезекшілік кезімде қылмыс көбіне түнгі уақытта орын алады. Оқиға орнына тергеу тобымен барған кезде топ жетекшісі ретінде ер адамдардың ортасында шешім қабылдау керек болады. Кезекшілікте орын алған оқиға бойынша сол бойда тергеп-тексеру жүргізіп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылдаған кездер де болады. Мысалы, 2020 жылғы 31 шілдеде сағат 00:30 шамасында көлік жүргізушісі Құрманғазы ауылы Ахметкалиев көшесінде автокөлікті масаң күйде басқарғаны анықталып, ұсталды. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодексің 346 бабының 1 бөлігімен тергеп тексеру жүргізіп, сотқа жолданды. Одан бұрын аталған азаматтың 2019 жылғы 4 желтоқсанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда, ол одан өзіне тиісті қорытынды шығармай, қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған. Сот үкімімен аталған азамат көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл 11 ай 22 күнге бас бостандығынан шектелді".

Айнұрдан, қылмыстық іс бойынша үкім шыққаннан кейін қандай сезімде боласыз, деп сұрағанда,

- Әрқашан әділ үкім шыққанын қалаймын. Жаңа заңдарға өзгерістер енгізілгеннен кейін көлік құралын масаң күйде басқарған азаматтарға қатаң шаралар қабылданатын болды. Қатал шараның да қабылданғанын дұрыс деп есептеймін. Өйткені, қаншама бейкүнә жандар масаң күйде көлік жүргізушілерінің кесірінен жәбір көріп жатыр. Сот үкімі шығып жатқан кезде қылмыскерді де, жәбірленуші тарапты да ойлайсың. Дегенмен, қылмыс жасаған адам заң жүзінде жауап беруі керек, -дейді анықтаушы Айнұр Теміржанова.

Атырау Полиция Департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT