Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы ұйымдасып Жаңа 2021 жыл қарсаңында Жаңаталап ауылдық округі Күйген ауылының тұрғыны аз қамтылған отбасының үйіне табиғи газ құбырын кіргізіп, жылу жүйесін тартып берді.
Бұл отбасы екеуі бірдей жұмыссыз, үлкен қызы жақында ота жасатып келген. Қақаған аязда отын теріп жағып, мәзіңкі үйінің бір бөлмесіне тығылып отырған жанұяға көмек көрсетіп, барлық жеке құрам қызметкерлері алғысқа бөленді. Ұжымымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір полицияның адамгершілік борышы деп есептейді.