Құрманғазы ауданында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері Құрманғазы ауданының 46 жастағы тұрғынының аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, сақтағаны анықталды.
Аталған тұлғадан заттай дәлелдеме ретінде тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, оқ дәрі алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Құрманғазы ауданының полицейлері үй жануарын қараусыз қалдырған 16 тұрғынды анықтады.
Аталған іс-шара 4 күн нәтижесі бойынша Құрманғазы ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен барлығы - 20 әкімшілік хаттама толтырылды. Олар: ауыл шаруашылық жануарлар иелеріне малдарын қараусыз қалдыруына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1 бөлімімен - 16 әкімшілік хаттама толтырылды. - Қару сақтау ережесін бұзған үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 2 бөлімімен - 4 әкімшілік хаттама толтырылды. -ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлімімен іс-құжаттар жинақталуда.
Аталған профилактикалық іс-шара ағымдағы жылдың 24 қараша күніне дейін жалғасын табады.