Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөліміне аудандық мектептердің бірінің директорынан мектепте ұрлық фактісі орын алғаны жөнінде арыз келіп түсті.
Оның айтуынша, белгісіз біреулер мамыр- тамыз аралығында мектептен екі дана "ACER" ноутбугі мен 1 дана проектор құрылғысын ұрлаған. Полиция қызметкерлерімен жедел- іс шара барысында мектепке тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке-басы анықталды.
Ол 1996 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Күдіктіге «ешқайда кетпеу және өзін- өзі дұрыс ұстау» шарасы санкцияланып, айғақ заттар тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлігімен жүргізілуде.