Құрманғазылық полицейлер лотос гүлін жұлғандарды ұстады

(0 Votes)

Атырау полицейлері экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Атырау полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Құрманғазы аудандық полиция бөлім қызметкерлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, ауданның Қиғаш өзені бойына рейдтік шаралар ұйымдастырып, өткізді.

Өзеннің «Серезез»участігі бойында ямаха моторымен тіркелген Бударка қайығы тоқтатылып,тексерілді. Ауданның Приморье ауылдық округінің тұрғынының басқаруындағы қайықта келе жатқан адамдардан 8 дана ақшыл-қызғылт түсті тұңғиық гүлі (Лотос) табылды.

Айта кетсек, Қызыл кітапқа енгізілген хош иісті Лотос гүлі Қазақстан бойынша тек қана Құрманғазы ауданының Қиғаш-Шора өзендерінде өсетін өсімдік.

Қазіргі кезде аудан тәртіп сақшылары қайықтағы азаматтардың бұл өсімдікті қандай жолмен алғандарын тексеруде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT