Құрманғазылық полицейлер 106 дана киік мүйізін тәркіледі

(1 Vote)

Құрманғазылық полицейлер Балқұдық ауылы тұрғынының үйінен заңсыз сақталған 106 дана киік мүйізін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде 106 киіктің мүйізі мен екі дана тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны белгілі болды. Тексеру барысында полицейлер аталған азаматтың түнгі уақытта “Yaqi” мотокөлігімен заңсыз аңшылықпен айналысып жүргенін анықтады. Сондай-ақ, Балқұдық ауылының маңынан мүйіздері кесілген төрт киіктің денесі табылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT