13-15 маусым аралығында Атырау қаласында мемлекеттік қызметшілер мерекесі күні қарсаңында жылдағы дәстүрге сай спорттың бірнеше түрінен спартакиада өтті.
Байрақты бәсекеге қала мен аудандардағы мемлекеттік қызметшілерден жасақталған командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қорытындысында осыған дейін бірнеше мәрте жеңімпаз болып келе жатқан Құрманғазы ауданының командасы спорттың әр түрінен жүлделі орындарды иемденді. Тоғызқұмалақтан, бильярдтан 3 орынды, жүзуден, теннистен жалпыкомандалық есепте І орынды қанжығаларына байлады.
Мемлекеттік қызметшілер арасында жарыстың көркін қыздырған волейбол бәсекесі болды. Мұнда да аудан командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақша күрестен 90 келі салмақ дәрежесінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шынболат Мусин І орынды еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медальдармен марапатталды.