«Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәлімдеді», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Оның айтуынша, биыл ауданның емдеу мекемелері жеті маманмен толығып, бұрын дәрігері болмаған кей округтер жоғары білімді медицина қызметкерімен қамтамасыз етілген.
- Осы жылы ауданымыздың медицина саласына 1 гастроэнтеролог, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 хирург, 1 педиатр, 2 терапевт келіп, жұмысқа қосылды. Нәтижесінде бұрын дәрігері болмаған Сафон, Жаңаталап ауылдық округтерін жоғары білімді дәрігерлермен қамтамасыз етіп, ауданымызда бұрын болмаған гастроэнтеролог штатын аштық , - деді Қайрат Нұртаев.