Құрманғазылық кәсіпкерлер 100 отбасыға тегін азық-түлік таратты

(0 Votes)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай қиын кезеңде бірінші болып қоғамға үлгі көрсетті.

Тұңғыш Президент Қоры есебінен 200 миллион, Nur Otan партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге бөлді. Түскен қаражат карантин жарияланған қалалардағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға атаулыкөмек көрсетуге жұмсалуда. «Мұндай мәрттік жалғасын тауып, оған қосылатын бизнес өкілдерінің саны көбейе түсетініне сенімдімін» деген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты ауданымыздың кәсіпкерлері де қызу қолдау үстінде. «Biz birgemiz» республикалық акциясына үн қосқан Құрманғазы ауылының бір топ кәсіпкерлері Ұлыбек Өтегенов, Біржан Кенжебаев, Ақылбек Қайсағалиев, Ақылбек Қуаншалиев, Дәурен Марданов, Талғат Жұмалиев, Роман Рахимов, Сайфолла Мұқанов, Бекес Сәрсенғалиев, Бақтылы Махмудова, Гаухар Болатбаева, Раушан Тілепбергенова, Сандуғаш Жармұхамбетова, Роза Мақаева, Гүлфарида Қажыбаева, Айнагүл Ниғыметова әлеуметтік қолдауды қажет ететін 100 отбасыға тегін азық-түлік таратты.

img_9511

img_9514

Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса: - Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сыналатын сәтте қолдарынан келгенше көмек қолын созып, ауызбіршілік танытып жатқан жомарт жандарға зор ризашылығымызды білдіреміз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қораптары округіміздің аз қамтылған, көп балалы және мүгедек бала күтуші отбасыларға, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне ұсынылуда. Қазір бәріміздің мақсат-мүддеміз біреу ғана. Ол тосыннан келген сынақ кезінде жұдырықтай жұмылып, тұтас екенімізді таныту. Бұл біздің қолымыздан келетінін, бүгінде іспен дәлелдеп жатырмыз, - деді.

img_9532

-Әлемді шарпыған індет өкінішке қарай, біздің елімізді де айналып өтпеді. Үкіметтің, әкімдіктің өзара алдын ала әзірлеген дайындығының және қазіргі кезде атқарып жатқан жанкешті жұмыстарының арқасында жағдайды қатаң бақылауға мүмкіндік туып отыр. Атырау қаласы карантинге жабылды, ауданымызға да шектеулер енгізілді. Бірақ тұрғындарға қажетті азық-түлік, басқа да тұрмысқа қажетті тауарлардың үздіксіз кіруіне кедергі жоқ. Біз де Елбасының үндеуін қуаттап, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» тұтастығымызды көрсетіп, акцияға атсалысқанды жөн көрдік. Әлеуметтік көмекке зәру, шын мұқтаж отбасыларға қолдау білдіру, қайырымдылық жасау – біздің парызымыз, - дейді жас кәсіпкер Талғат Жұмалиев.

img_9534

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT