15.03.2020 жылы Президент Жарлығымен елімізде төтенше жағдай жарияланып, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында қосымша шектеу шаралары белгіленді.
Құрманғазы ауданында жүргізілген рейдтік шаралармен 02.04.2020 жылы аудан орталығында «Береке» сауда орнындағы «Нұрболат» азық-түлік дүкенінде мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу талаптары сақталмағаны анықталды.
Осыған орай, Құрманғазы аудандық сотының 03.04.2020 жылғы қаулысымен «С.Т.» жеке кәсіпкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 510 теңге (10 АЕК) айыппұл салынды.
Төтенше жағдай кезінде уәкілетті органдармен белгіленген шектеулерді қатаң сақтап, заң бұзушылықтарға жол бермеу қажет.
Құрманғазы ауданының прокуратурасы