Құрманғазылық еріктілер Елбасының алғыс хатымен марапатталды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Нұртаев өңірдегі ерікті жастарды қабылдап, пандемия кезінде әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқандары үшін Елбасының Алғысымен марапаттады.

«Дүние жүзін әбігерге салған коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында «Nur Otan»партиясымен бірге халыққа қолдау көрсетуге волонтер ретінде белсене атсалысқаныңыз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін» деп басталады хат мәтіні.

i

img_2202

Үстіміздегі жылдың наурыз айында елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Biz birgemiz»акциясы бастау алған болатын. Оның аясында ауданның еріктілері білек сыбана жұмыс атқарды.

i

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы да жақсылыққа жаны құштар жастардың елге деген жанашырлығын,әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмекті үлестіруге атсалысқан белсенділердің игі ісін жоғары бағалап, акцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, еріктілердің бірлік, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын басшылыққа алуы қуантатынын жеткізді.

img_2206

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еріктілік – ел үшін, қоғам үшін адал қызмет. Оны, расымен де, халқымыздың өмір салтына айналдыруымыз керек. Мұндай жақсы амал – қазақ халқының бұрыннан қанына сіңген қасиет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп кез келген іске асарлайтын халқымызға бұл жат дүние емес. Бұған бүгінде жастарымыздың ерікті түрде ұйыса білуі мақтаныш сезімін кернейді.

img_2208

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT