Құрманғазы ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының , оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы.
Құрманғазы ауылы Мен Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевич «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше комиссия режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы № 6 шешіміне, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01 сәуір 2020 жылғы №30 «ҚР –да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29 наурыз 2020 жылғы №8 «Атырау облысының аумағында қосымша шектеу іс –шараларын , оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысын, басшылыққа алып, Республикалық мемлекеттік мекемесі Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының №158-191503 ережесіне сәйкес және Атырау қаласында коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуына, ауданмен шекаралас РФ Астрахань облысында, ҚР Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты, сондай–ақ коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылғы 4 сәуір сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 15 сәуір 07.00-ге дейін Құрманғазы ауданы аумағында келесі шектеулер шаралары енгізілсін:
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтау, сондай-ақ коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында (бұдан әрі COVID-19) 1) Құрманғазы ауданына кіруге және одан шығуға тыйым салынады,тұрғылықты жерінде сағат 06.00-22.00-ге дейін жүруіне рұқсат етілсін;
2) аудан тұрғындарына ауылдардың арасына жүруге тыйым салынады, мыналарды қоспағанда, тұрғылықты жерлерден шығуға тыйым салынсын: -азық-түлік, қажетті заттар, дәрі дәрмектермен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу; -жұмысқа бару / анықтама негізінде/; -медициналық көмекке жүгіну;
3)ауылдар арасында ресми және ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылардың жолаушылар тасымалын жасауға сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат етіледі;
4) темір жолдағы жолаушылар қатынасы тоқтатылсын, басқа жерде жұмыс жасайтын қызметкерлерге мекеме басшылары төтенше жағдайға байланысты заңдылықтардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
5) 18 жасқа дейін және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;
6) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолға жағуға арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;
7) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 50 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырсын;
8) азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханалар мен қажетті тауарларды қоспағанда сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметін тоқтатсын;
9) азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшек сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, оптика, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктердің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, спорт кешендері, сұлулық салондары, ыспа орталықтары, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметі тоқтатылсын.
10) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану обьектілер жұмысын 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша рұқсат берілсін:
11) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі тоқтатылсын.
2.Ауылдық округ әкімдеріне:
1) халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, скверлерді, жағалауларды, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарын жапсын;
2) қоғамдық көліктің жұмысын 06.00-ден 19.00-ге дейін шектесін;
3)меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;
4) қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, аула алаңдарын, ірі сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейту;
5)кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. ПИК-пен бірге:
6)қызмет көрсететін үйлердің тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген карантиндік және шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
7) жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды көзге түсетін хабарлама тақталарына және басқа жерлерге орналастырсын;
8) кіре берістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалаудың күніне кеміне 2 рет жүргізуін қамтамасыз етсін.
3.Аудандық полиция бөлімі бастығына:
1) Республикалық маңызы бар Ақтөбе–Астрахань тас жолы бойының 853 шақырымында тексеру пункті тәулік бойы ұйымдастырылсын, қызметкерлерді арнайы қорғаныш киімдерімен, орналасатын мекен-жаймен, тамақтандырылуымен қамтамасыз етсін;
2) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақсатан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;
3) азаматтардың қоғамдық орындарда саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шараларды күшейту;
4) отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тосқауыл қоюға;
5) карантиндік аймақтың оқшаулануын, жаяу жүргіншілердің ауданға кіруіне, сондай-ақ барлық көлік құралдарының рұқсатсыз кіруіне жол бермеуге;
6) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақсатан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;
7) азаматтардың көше бойымен жүруі құқығынсыз үйдегі карантиндік режимін сақтауын бақылау;
8) инфекциялық және карантиндік байланыс ауруханаларын оқшаулау және қорғау;
9) төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия бекіткен тізбеге сәйкес қызметкерлердің аудан ішінде кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етсін.
10) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «ҚР –да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
11) аудандық штаб мүшелерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастырсын.
4.Аудандық орталық аурухана басшысына:
1) стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдаған науқастарға баруға тыйым салуға;
2) медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;
4) медициналық персоналдардың іс әрекеттерін қарау тасымалдау ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш бетперделерімен немесе респираторларымен резинке қолғаптарымен қамтамасыз етеді;
5)карантиндік ауруханаларда 4) тармақшадағы шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді;
6) қашықтан қызмет көрсету форматында алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлерді қабылдауын сондай-ақ онлайн режимінде немесе рецептерді үйіне жеткізу;
7) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «ҚР–да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қаулысының талаптарын орындалуын қамтамасыз етуге.
5.Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:
1) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;
2) ғимараттардағы жабдықтау мен желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;
3) жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;
4) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр екі сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш бетперделерімен, қорғаныш көзілдіріктермен және резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
5) келушілердің нысандарға тек медициналық бетпердемен жіберуге;
6) дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезектер жасау кезінде обьектілерді үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;
7) кассаға дейінгі 5 метр сыртына қосымша қоршаулар орнатуға;
8) кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және азық-түлік бөлімдеріне кірер алында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақтаны құруға;
9) шаруашылық субьектілеріне азық түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастыру мен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;
6.Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы мен округ әкімдеріне:
1) коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша Құрманғазы ауданында карантин және Құрманғазы ауданы аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарды жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін.
7.Пәтер және үй –жайлар иелерінің кооперативтері ( ҚКК, ЖК, ЖШС) қонақ үйлердің, жатақханалардың иелеріне:
1) қоғамдық орындарда, балалар және спорт алаңдарында аулалардың рекреациялық аймақтарында санитариялық–дезинфекциялық режимін күшейту;
2) адамдардың жиналуын болдырмау және олардың арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) қонақ үйлердің жанындағы қоғамдық тамақтану пункттері тамақтандыру жұмысын нөмірлерге жеткізу жолымен ұйымдастырсын.
8. ЖК С.Жүнісқалиеваға :
1) карантиндік стационарға жатқызылған азаматтардың автокөліктерін автотұраққа қоюға орын бөлінуін, автокөліктерді бейнебақылаумен күзетілуін қамтамасыз ету.
9. Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар) аудандық коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі басшысына, округ әкімдеріне:
1) су тасқыны кезеңін ескере отырып, аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;
2) су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету;
3) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (бетпердемен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым- қатынасын болдырмау:
4) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейту;
5) негізгі технологиялық процеске байланысты емес қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанасына ауыстыру.
10. Мемлекеттік органдардың ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерінің үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына тыйым салу:
1) мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс шаралар өткізуге;
2) ұйымдармен кәсіпорындар қызметкерлерінің ауданнан тыс жерлерге баруға;
3) халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту:
11. 2016 әскери бөлімінің «Құрманғазы» шекара автокөлік өткелі басшысына:
1) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30«ҚР –да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындалуын қамтамасыз жасауға;
2) Жеке құрам қызметкерлерін арнайы қорғаныш киімдерімен қамтамасыз ету.
12.Аудандық ветеринарлық станция басшысына:
1) шекарадаға дезинфекциялық жұмыстардың талапқа сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету.
13. Құрманғазы дезинфекциялық станциясы ЖШС басшысына:
1) қажеттілікке байланысты жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу.
14.Құрманғазы аудандық обаға қарсы күрес бөлімшесі басшысына:
1) Республикалық маңызы бар Ақтөбе–Астрахань тас жолы бойының 853 шақырымында тексеру пункті тәулік бойы ұйымдастырылсын, 6 қызметкер бөлінсін, қызметкерлер арнайы қорғаныш киімдерімен, орналасатын мекен-жаймен, тамақтандырылуымен қамтамасыз етсін.
15.Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:
1) карантиндегі стацинонарлар мен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;
2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау ;
3) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «ҚР–да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындалуды қадағалауға.
16. Жеке және заңды тұлғаларға:
1) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «ҚР –да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы №8 «Атырау облысының ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының , оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысы орындалуын қамтамасыз етуге.
Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.Утаров