Құрманғазылық балалар қайда демалады?

(0 Votes)

Жаз айлары-балалар үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жаз мезгіліндегі бұл кезең балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік әрекетінен босап, өзінің қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді.

Лагерь – кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлауға үйретеді. Осыған орай, биылғы жылы Бесікті елді-мекенінде орналасқан «Тұлпар» тынығу лагеріне біздің ауданның оқушыларының төрт кезеңде демалту, Шымкент қаласындағы «Болашақ» тынығу лагеріне тамыз айында 30 баланы жіберу, Түркістан қаласына шілде айында 30 оқушыны төрт күндік саяхатқа шығару жоспарланып отыр.

Қала сыртындағы лагерьлерге ата-аналар балаларына жолдама алу үшін e-qyzmetter.kz порталына кіріп өтініш бере алады.

Өтініш беретін ата-ананың қолында:

1) өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі; 4) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі; 5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру лагерiне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтама; 6) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.

Ардак Каржауова, Құрманғазы аудандық оқушылар үйі әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT