Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесіне теміржол ұйымының өкілі белгісіз адамдардың рельсті бекіту элементтерін, атап айтқанда теміржол төсемдерін ұрлап кеткенін хабарлап, шағымданды.
Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, Дина Нұрпейісова бекетімен 8-ші бекет аралығының теміржол бойын тексеру кезінде, Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен «Газель» маркалы автокөлігі теміржол бойының маңынан тоқтатылып Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосының 25 жастағы И. есімді тұрғынының басқаруындағы шанақтан тиісті құжаттары жоқ теміржол төсемдері табылып, дәлелді айғақтар толығымен алынды.
Аталған факті бойынша Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы яғни, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ескертпе: Құрманғазы ауданы бойынша темір –терсек, түрлі түсті металдар қабылдайтын орындар назарына қандайда бір теміржол төсемдерін яғни (рельс, подкладка, костыль, противугонка) көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемденіп немесе өткізсе ҚР ҚК 196 бабының жауапкершілігі жөнінде ескертеміз.
Қ.Ералиев, Ганюшкин ст.ЖПб бастығы полиция капитаны