Құрманғазыдан шыққан соң байланыс үзіледі

(1 Vote)

Сүйіндік ауылдық округі әкімдігінде сақтық шараларын сақтаған бір топ ауыл тұрғындары аудан әкімін күтіп отыр екен.

Тұрғындар тарапынан бірқатар шешімін күткен мәселелер қозғалды. Аудан әкімімен кездесуде ауыл тұрғыны Маннап Қажыбаев округке өрт сөндіру көлігі ауадай қажет екенін жеткізді. Айтуынша бұған дейін екі рет ауыл маңынан өрт шыққанда оны сөндіру жеңілге түспеген. Өрт сөндірушілерді ауылда оқытып, дайындаса қайтеді деген ұсынысын ортаға салды.

Жол бойында ұялы байланыс жоқ болғандықтан Құрманғазыдан шыққан соң адам суға батқандай із-түзсіз жоғалады. Ол қайда екенінен ауылдағылар бейхабар күй кешіп, алаңдап отырады.

Сүйіндік ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыгерей Сейітханов, Ақажан Хизин пошта қызметіне көңілі толмайтындарын, халық ақша келгенде қатты қиналатынын, терминал қоймаса адамдар қысқы аязда, жазғы ыстықта 4-5 сағат іркіліп далада тұратынын айтты.

Сондай-ақ ашық әңгімелесу барысында кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер, ауруларды Харабайлы қаласына апару, интернет жылдамдығын көтеру сияқты мәселелер де көрініс тапты.

Қатысып отырған бөлім басшыларына, Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Қанат Құлшарға біраз сұрақтар қойылды.

Ауыл тұрғыны Мәннап Қажыбаев: – Қиыршық тас карьерасын жауып, тарихи ескерткіш деген белгі қойып тастаған. Жолға оны төкпей болмайды. Жалпы қиыршық тас тек сол маңда ғана емес, Тасшелек деген жерде, Азғырда да молынан жетеді, -деп өз ұсыныстарымен бөлісті.

img_2843

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Әлеуметтік нысандарға газді өзіміз қосқызамыз. Жылу беру мерзімі жақындап қалғандықтан ауыл тұрғындары да желіге қосылу жұмыстарын жылдамдатқаны жөн. Бұл жерде халықтың тез қозғалмауына газ тартумен айналысатын кәсіпкерлердің де әсері бар. Бәсекелестік орта болғандықтан олардың бірі өзін мақтап, басқаны жамандағанын жаңа естіп жатырмыз. Нәтижесінде халық қайсысымен келісімшарт жасауды білмейді. Округ әкімі осы жұмысты дұрыстап ұйымдастырып, тұрғындардың ақшасын алғанымен әлі тартпаған жеке кәсіпкерлерге шарасын алуы қажет. Біз бұл жұмысты әрбір кәсіпкерлерге үйлерді бөліп беру арқылы ұйымдастырғанды дұрыс санап отырмыз. Сол бойынша сұраймыз. Алайда, қайсысын таңдау әркімнің өз еркінде. Жылдамдығы жоғары интернет Азғырдағы алты елді мекенге беріледі. Асанға 60 метрлік мұнара қажет болып тұр.Қазір бұл жөнінде облыс әкіміне ұсыныс жасадық. Жолды реттейміз, қазір мердігер мекеме бұл жұмыстармен айналысып жатыр, - деді.

Қатысып отырған бөлім басшылары мен газ тартуға жауапты мекеме басшылары қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

img_2846

img_2851

Келесі кезекте аудан басшысы мен оған ілескен лауазымды тұлғалар Сүйіндік орта мектебінің 50 орындық жатақханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйіне қанықты. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Игілік» ЖШС. Мұнда 27 адам жұмыс жасауда. Оның 11-і жұмыссыздық бойынша есепте тұрғандар. Бір жақсысы мұндағы мердігер өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайды екен. Сол себепті сметада көп қателіктер жіберіліп, жоба жасағанда кірмей қалған аса қажетті жұмыстарды да бәлсінбей-ақ орындап кетуде.

img_2858

img_2865

Аудан әкімдігі жанындағы мониторингтік топ мүшелері Нұрлыбек Төлепов пен Марат Хасанов округтегі дүкенде болып, азық-түлік бағаларымен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521