Құрманғазыда жол бойындағы қызмет көрсету орындары бой көтереді

(1 Vote)

Құрметті  елжанды, отансүйгіш азаматтар мен азаматшалар!

Сiздер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең сезініп, Елбасымыздың, Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған стратегиялық бағыттары мен бағдарламаларын, облыс әкімдiгiнiң өңiрлердi дамытуға, жергілікті атқарушы биліктің аудан экономикасын көтеруге арналған жоспарларын жүзеге асыруға өз үлестерiңiздi қосып келесіздер. Пандемия кезінде де бiрлесе жұмыс жасап, ел басына қиындық түскенде "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" екенін дәлелдеп, тегін азық-түлік, дәрi-дәрмекпен қамтуға атсалыстыңыздар.  Сол себепті аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың игiлiгiн бiрiншi кезекте сiздер көрулерiңiз керек деп есептейміз.

Қазiр "Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы" мемлекеттік маңызы бар асфальт жолының құрылысы қарқынды түрде жүруде. Ертең-ақ ол пайдалануға берілгенде жол бойында түрлі инфрақұрылымдар, қызмет көрсету орындары бой көтереді. "Темiрдi қызған кезде соқ", деп бабаларымыз айтқандай, дәл қазір осы жұмыстарды қолға алып, бизнес-жоспарларыңызды жасай бермесеңiздер, ертең кеш болуы мүмкін. Жол бойындағы құрылыс нысандары сiздер жұмсаған шығындарды еселеп жауып, мол пайда әкелетіні сөзсіз. "Елде болса, ерiнге тиеді", дегендей сiздердi туған жерiмiздiң игiлiгi, кiндiк қанымыз тамған өлкеміздің көркейе түсуi үшін осы жұмыстарды қолға алуға шақырамыз. Қасиетті Құрманғазы топырағы өздерiңiздей ұл-қыздарына үлкен үміт артады және оны сiздер ақтайды деген сенiмдемiз! Бiрлескен жұмысымыз алға қарай да жалғасын таба берсін.

Жандос Бектемиров,

аудан әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521