Құрманғазыда жалған вакцинация паспортын алған екі тұрғын анықталды

(0 Votes)

Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінде көрінеу жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.

Дәлірек айтқанда, ауданның екі тұрғыны жұмыс жасайтын мекеменің барлық жұмысшыларына коронавирус ауруына қарсы екпе алу жөнінде нұсқау берілген уақытта екпені белгісіз себептермен алғысы келмей, екпе алғаны жөнінде көрінеу жалған құжатты пайдалану мақсатында өздеріне коронавирус ауруына қарсы екпесін алғандығы жөнінде вакцинация паспортын жасақтатып алған.

Осы арқылы өздеріне берілген вакцинация паспортын тұрақты түрде пайдаланып, "Ashyq" электронды қосымшасына сәйкес, олардың мәртебесі "Қауіпсіз" ретінде бағаланған.

Екі тұлға өздерінің жасаған қылмыстарын толықтай мойындап, одан әрі қылмыстық іс Құрманғазы ауданының сотына жолданды.

Құрманғазы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғаларға қатысты айыппұл жазасы тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT