Құрманғазыда заңсыз балық аулағандар ұсталды

(0 Votes)

Балықтың басты жауы - браконьер демекші еліміздің батыс өңіріндегі заңсыз балық аулаушылар тыйылмай тұр.

Жергілікті Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғындары түнделетіп Приморской каналы маңына барып, қармағына балық қауып қанжығасын майлаған. Қаскөйлер түнделетіп «Нива» автокөлігіне қосымша арба жалғап, жолға шыққан. Осы уақытта  Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің құпия наряды заң бұзушылардың ізіне түсті.  Құрманғазы ауданы «Приморской» каналының маңында күдікті аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерінің бұзуы бойынша тоқтатылды. Тексеріс барысында 6  қапқа тиелген балықтың бары анықталды.

zasyz-baly-aulau-zhalasuda2

Құрманғазы ауданы бойынша «Амангелді» балық қабылдау коперативіне тапсырылды. Коператив қортындысы бойынша 252 кг сазан балығы анықталды. Сол арада Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерінің бұзған 3 азаматқа. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 512 бабаы 1 бөлімі бойынша, 29 170 тг көлемінде айыппұлдар, әр азаматқа салынды.

zasyz-baly-aulau-zhalasuda1

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметшілірінің жедел әркетеінің арқасында қолға түскен заң бұзушылар Құрманғазы аудандық полиция бөліміне тәркіленген заттарымен қосып тапсырылды. Сонымен қатар Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция Орман шаруашылығы Комитеті қызметкерлері шақыртылды. Мемлекетке келген залал көлемі анықталды.  Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 10 54203 тенгені құрады.

АЙТӘЛІ Өмірбат,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі.

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Аға лейтенант

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT