Құрманғазыдағы сауда нысандары дезинфекциялық тоннельмен жабдықталды

(0 Votes)

Орталықтағы «Серпер» базары, «Құралай» сауда үйі алдында дезинфекциялық тоннель пайда болды. Сауда нысандарына аяқ басқан әрбір адам бұл құралдың игілігін көруде.

Тоннель ішіндегі залалсыздандыру автоматты түрде жасалады – бүріккіштер қатты қысым астында арнайы құралды шашады. Осылайша барлық келушілер мен қызметкерлер дезинфекциялық құралдың ауа ағыны арқылы өтетін болады.

tonnel-ralaj

«Серпер» базарының басшысы Роман Рахимов: «Қауіпті індет басталғалы бері халықтың әбден әуре-сарсаңға түскені рас. Әсіресе кәсіпкерлер ісінің дөңгелеуіне мүмкіншілік азайды. Ауру жұқтырғандар саны сиреп, ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап жабық базарлардың ашылуына рұқсат берілген болатын. Тұрғындардың өміріне жанашырлық танытып, сақтық шараларын шетке ысырмау мақсатында осы құралмен жабдықталдық. Құралдың 5%-ы спирт, дистилденген су, 0,1% хлор мен хош иістен тұрады. Киімге ешқандай зияны жоқ, тиімділігі өте жоғары»,-деп тоннельдің қызметімен жетік таныстырды.

Қажетті затын алуға базар есігінен ентелей кірген ауыл тұрғыны: «Бұл да бір - халық игілігі үшін жасалған жақсы амалдардың бірі. Бұрын кіре-берісте тұрған антисептикті өзіміз қолымызға шашып, кезек күтіп қиналатын едік. Осы құралдың арқасында ішке ешқандай кідіріссіз кіріп, уақытымызды да үнемдейміз. Екінші жағынан автоматты түрде залалсыздандырудан өтеміз. Кәсіпкерлердің жұмысына сәттілік тілеймін»-деп ризашылығын жаудырды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521