Мәслихат депутаты дүкендерді аралады

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, Атырау қалалық мәслихат депутаты Джаумбаев Қаршыға Елемесұлы ауданымызда болып, партияның Құрманғазы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелерімен бірігіп, облыста жарияланған төтенше жағдайға байланысты, карантиндік шектеулердің, аурудың алдын алу санитарлық сақтық шараларының сауда орындарында, халықтың көп шоғырланған нысандарында орындалу барысымен танысты.

Рейд кезінде аралаған нысандарда негізінен сақтық шаралары болғанымен, талаптардың орындалуы соңғы мезгілде босаңсып кеткені байқалып отыр. Негізі пайдаланатын азық-түлік тауарларында шектеулі бағадан жоғары екеніде анықталды. «1001 ұсақ түйек», «Мерей» (Самаркино) дүкендерінде халық көп, карантиндік тәртіп ара қашықты сақтау, тұрғындардың маска кимей келулерін байқап, Қаршыға Елемесұлы ескертпелер жасады.

9

Жалпы, аудан орталығында карантиндік жағдай құрылған штаб мүшелерімен қатаң бақылауда болсада, соңғы айтылған жеңілдіктерге байланысты аудан тұрғындары мен сауда орындарының басшылары, дүкен қожайындары мен барлық мекеме басшылары карантиндік тәртіпті 25-ші мамырға дейін сақтауды есептен шығармаулары керек және сол үшін өздерінің нысандарында жауапты екенін тағы бір еске саламыз. Ауданымызда COVID-19 ауруының болмағаны сол қатаң сақтық тәртіптердің сақталғанының нәтижесі екендігі, ал қалған алдағы уақытта босаңсып жүріп ауру жұқтырып алмайық ағайындар. Карантиндік шектеулер тәртібінің орындалуы партия филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бақылауында үнемі болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT