Құрманғазыда тоған шаруашылығы қолға алынбақ

(3 Votes)

Құрманғазы ауданы – балық шаруашылығы өнеркәсібін өркендетуге қолайлы өлке.

Ауданымыздағы 6 табиғат пайдаланушылары айдыннан бөлінген лимит көлемінде су маржанын тереді. Бірақ бұл да сайып келгенде табиғатқа тікелей тәуелді. Яғни, өзендер мен теңізде балық болса, кәсіп жүреді, болмаса жоспар орындалмайды. Су маржандары табиғи ортада жетіле алмай, кедергілерге тап болуда.

Сондықтан, бүгінде тоған шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Осы мақсатта «Амангелді» өндірістік кооперативі бастамасымен балық қорын көбейту, шабақтарды қолдан өсіру, өндірістің көлемін ұлғайту, экспортқа жаңа өнім түрлерін шығару, өңірде аквамәдениетті жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, бұл қанатқақты жобалар сәтті іске асса жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімі көбейер еді. Сондықтан, өңірде тауарлы балық өсіру кәсібін өрістету –  кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осыған орай, Алматы қаласынан «Қазақ балық» ассоциациясының балық өсірушілер қауымдастығының бастығы Марлен Тұрсынәлі «Амангелді» ӨК бастығы Мұрат Әмірғалиевпен бірге аудан әкімінің қабылдауында болып, бұл мәселені жан-жақты талқылады. Ауданымызда тоған шаруашылығын жүзеге асырудың тиімділігін атап өткен Марлен Тұрсынәлі оның бірқатар ерекшеліктері мен өзге өңірлердің тәжірибелерін ортаға салды. Уақыт оздырмай тоған жасауға жарамды жер учаскелерін анықтап, экологиялық тиімділігі мол жобаны тезірек іске асырудың маңыздылығын жеткізді.     

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521