Құрманғазыда ҰБТ 22 маусым күні басталды.
Бүгін үшінші лектің түлектері бақтарын сынауда. Абай жалпы орта мектебі базасында алғашқы күні Шортанбай, Қиғаш, Құрманғазы, Б.Момышұлы орта мектептерінен 26 бала тест тапсырды. Оның қорытындысымен ең жоғары балл 75
болса, орта балл 43-ті құрады.
23 маусым күні Нұрпейісова, Мұқанов, Энгельс, Гагарин, Бегәлиев, Балқұдық, Манаев орта мектептерінен 90 бітіруші бағын сынады. Бұл күні ең жоғары көрсеткіш 118 балды көрсетсе, орта балл 54-ті құрады.
Бүгін Ломоносов, Крупская, Гоголь, Имашев, Әуезов орта мектептерінен 87 түлек қатысуда.
А.Шакупова