Білім сапасын анықтауда қоғамдық-саяси және әлеуметтік мәні бар жалпы мемлекеттік шара- ұлттық бірыңғай тестілеу. Тәуелсіз еліміздің түлектерінің білім деңгейін таразылайтын бұл сынақтың тәжірибеге енгеніне биыл 17 жыл болып отыр. Тестілеу мерзімі жақындаған сайын оқушылар мен ата-аналардың алаңдай бастайтыны ақиқат. Биылғы сынақ несімен ерекшеленеді, шектік балл қандай болмақ, сынақтан құлаған оқушыға екінші рет мүмкіндік беріле ме? Міне, осы сұрақтар аясында Ұлттық тестілеу орталығының ауданымыздағы филиал басшысы Жанаргүл Тюмалиевамен тілдескенді жөн көрдік.
-Коронавирус пандемиясының таралуына байланысты ҰБТ кезінде қандай шектеулер, қауіпсіздік шаралары қабылданбақ?
-ҰБТ өткізу орындары: тепловизор; дезинфекциялық тоннель, аяқ киімді зазарсыздандыруға арналған кілемшелер; санитайзерлермен қамтамасыз етіледі. Яғни, тест тапсырушылар арасындағы қашықтық арттырылады, оқушының дене қызуын тексеру үшін қосымша бақылау енгізіледі. Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының 22-і мен 26-ы арасында 5 лекпен өткізіледі деп жоспарланып отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.
ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы осыған қоса ҰБТ-ны өткізу бұрынғы форматта қалатынын, алайда карантин ұзартылған жағдайда оны өткізудің балама нұсқасы дайындалғанын атап өтті.
А.Шакупова