Құрманғазыда Ұстаздар күні аталып өтті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне орай «Ұстазым, сізге мың алғыс» атты салтанатты шара өтті.

Оған аудан әкімі Марат Мурзиев қатысып, құттықтау тілегін арнады. Ұстаздардың ізгі еңбектері мен жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін зор ризашылығын білдірді. – Сіздер әр баланың бойына білімнің, қоршаған әлемнің, ғылыми жаңалықтардың негізін қалап, балғындарға баға жетпес қуаныш пен жақсылық ұсынасыздар. Мұғалім атану – үлкен құрмет әрі жауапкершілігі өте жоғары мамандық. Ұстаз үшін өзі білім берген шәкіртінің сүйіспеншілігі мен құрметінен асқан баға жоқ. Мұнда сіздердің еліміздің болашағы болып табылатын патриот, ізденімпаз, мейірімді жастардың қалыптасуына қосқан үлестеріңіз өте маңызды, - дей келе, Марат Бисенғалиұлы ауданымызда апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің жоқтығын, алдағы уақытта, яғни 2025 жылға дейін  5 мектеп пен 8 балабақшаның құрылысы жүріп пайдалануға берілетінін қаперге берді.

stazdar-kni1

stazdar-kni2

stazdar-kni3

Одан әрі түрлі мерекелік төсбелгілерді тәжірибелі, білікті ұстаздардың өңірлеріне қадады. Үздіктер сапынан көрінген бір топ мұғалімдер түрлі марапаттарға ие болды. Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еділ Баяров жүрекжарды лебізін білдіріп, мерекелік іс-шарада бір топ ұстаздарды ұлығылады. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.

stazdar-kni-4

stazdar-kni-5

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT