Құрманғазыда шекара режимін бұзғандарға айыппұл салынды

(1 Vote)

Елдің ел екенін айқындайтын ол мемлекеттік шекара. Тәуелсіздіңтің айқын көрінісінің кепілі екені бәрімізге аян. Егемендік алғалы бері шекара сызығымыз шегенделіп аумағы белгіленді.

Бүгінгі Тәуелсіздіңтің ақ таңы оңай жолмен келген жоқ. Сонау ерте замандардан бергі ата- бабаларымыздың қаны мен терінің төгілген жемісі. Еліміздің көптеген аймақтары шекара шебіне жақын орналасқан. Жергілікті тұрғындар шекара маңында жүретін қарапайым қағидаттарды ұмытып жатады. Кейбіреулері тіпті білмейді. Дегенмен шекара аймағының өзіндік режимдері бар. Яғни жағадан, теңізден мемлекеттік шекарадан 25 км аралық ішінде кез келген жан адамның жеке басын куәландыратын құжатпен жүруі міндеттеледі. Немесе шекара рұқсаттамасымен жүруі шарт болып табылады.

Бүгін яғни 2021 жылдың 24 қаңтарында жоғарыда айтылған қағидаттарды бұзған бірнеше адам қолға түсті. Олар Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданы Жыланды ауылдық округіне жақын орналасқан  шекара сызығына 1000-1500 метр шамасындажүргені анықталды. ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаментіне қарасты «Сазды» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Заиров Ф. басшылығымен шекара режимін бұзған (құжатсыз шекара белгісіне жақын жүрген) төрт Қазақстан азаматы құрықталды. Ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу кодексінің 510 бабы 1- бөлігі бойынша 5 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Осы мақсатта шекара белгісіне жақын жүрген немесе сол маңда тұратын әр бір азамат шекара аймағының өзіндік режимдерінің сақталуы барысында жеке басын куәландыратын құжаттарын алып жүруі тиіс. Естеріңізде болсын заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

АЙТӘЛІ Өмірбат, 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі.

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Аға лейтенант

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT