Құрманғазыда шөптің бір орамы 6000 теңгеден сатылып жатыр

(0 Votes)

Қазіргі таңда бір орамшөптің (рулон) бағасы – 6000 теңге. Дайындалып жатқан жерінен алып кеткен жағдайда құны – 5000 теңге.

Мал азығының бұлай қымбаттауына дизель отынының, орамшөп байлайтын жіптің, техникаға қажетті бөлшектердің бағаларының көтерілуі себеп болып отыр.

 Жалпы Құрманғазы ауданы бойынша қазіргі таңда 38400 тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды. Бұл биылғы жылы дайындалуға тиісті мал азығының 26 пайызын құрайды. Науқан соңына дейін ауданның барлық меншік нысандары биылғы жылы 157400 тонна пішен дайындауы керек.

Қазіргі таңда  мал азығын дайындауға Құрманғазы ауданындағы 210 шаруа қожалығы қатысуда.

Окургтерден түскен мәліметтерге сүйенсек, мал азығын дайындау науқанына 60 автокөлік, 329 әртүрлі маркадағы тракторлар, 250 тіркемелер және 230 ауыл шаруашылығы агрегаттары және 1151 адам тартылған.

Ал, қыр бойында орналасқан Сүйіндік, Азғыр, Асан ауылдық округтері бойынша шөп дайындайтын 4-5 бригада бар. Олар ауыл шаруашылығы құрылымдары мен округтердегі жеке тұрғындарды толық қамтитын болады.

 Қыр өңірінен дайындалатын мал азығы–54032 тонна. Бұл Азғыр бойының жалпы дайындалатын мал азығының 37%-ын құрайды.

Мал азығы негізінен ауданның теңіз өресінен шабылып, шаруашылық субъектілеріндегі, жеке тұрғындардағы төрт-түлікті толық қамтуда.

Одан қалғаны Индер, Махамбет, Исатай аудандарына сатылымға шығарылады.

Еске сала кетелік, Құрманғазы ауданында 13 413 гектар шабындық бар.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT