Құрманғазыда үш дәріхана дәрі бағасын көтерген

(0 Votes)

«Біз қазір дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз. Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізілуде. Енді нәтиже керек», - деген болатын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Індет жағадан алғанда дәріхана иелері етектен тартқандары жақсы қылық емес.

Екінің бірі қымбат дәріні ала алмайды. Қазір көп адамдар жұмыссыз отыр. Қай дәріханаға барсаңыз да сарылып кезек күткендер көп. Себебі аудан тұрғындары үшін антивирустық дәрі-дәрмектер қазір ауадай қажет.

Дәріні қымбатсытып пайда тапқасы келгендер ауданымызда бар болып шықты. Сірә, Президентіміз ондай адамдар жауапқа тартылатынын айтқанын естімесе керек.

​Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Найзабек Құбашев бізбен әңгімесінде: – Халыққа қажетті дәрілердің бағасын көтергендер ауданымызда бар. Тұрғындар тарапынан шағым түскеннен кейін аудандық прокуратурамен бірге үш дәріхананың (аттарын белгілі себептермен келтірмедік) бағаны шектеулі мөлшерден негізсіз көтергенін анықтадық. Қазіргі олар жайлы акт фармокологиялық бақылау комитетіне жіберілді. Тиісті шарасы алынатын болады, - деді. ​

Тағы бір айта кетер жайт әрбір тұтынушы дәріханадан чек талап етуге құқылы. Оны бермесе тиісті орындарға арызданыңыз. Сіз чекпен ғана дәрінің бағасын дәлелдей аласыз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521