Құрманғазы ауданы бойынша 36 учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады.
Мұнда 34787 сайлаушы бар. Учаскелік сайлау комиссияларында – 226, аумақтықта – 7, барлығы – 233 комиссия мүшесі жұмыс жасайды. Комиссияның 22-сі мектептерде, 12-сі мәдениет үйлерінде және 2-еуі балабақшада орналасқан. Сайлауға байланысты барлық учаскелер лупа, құлаққап, тактилдік лента, т.б. құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған жасырын дауыс беру кабиналары бар.
Айнагүл Шакупова