Құрманғазыда құрылысшылар марапатталды

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Алғыс, құрмет құрылысшыдай қауымға» атты Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова, аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев, округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Шара шымылдығы құрылысшылар өмірінен түсірілген бейнероликпен ашылып, өнерпаздар Самат Саламатов пен Гүлзада Жұмалиева жүргізді.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Әдебиетқызы кәсіби мерекемен құттықтап:

– Бүгінде еліміздегі құрылыс саласы отандық экономиканың басты көрсеткішіне айналып отыр. Қазіргі таңда өздеріңіз еңбек ететін салада көптеген жұмыс орындарының ашылуымен қатар жаңа құрылыс нысандарының қолға алынуы сіздерге  мемлекетіміздің артып отырған үлкен сенімі. Өңіріміздегі бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келе жатырған құрылыс мекемелері ерен еңбектерімен ауданымыздағы табыс қорының толысып, дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосуда. Сіздердің мамандықтарыңыз бүгінде  үлкен сұранысқа ие. Бейбіт және жасампаз кәсіптің иелері еліміздің бет-бейнесін жақсартып келеді, - деп алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, түрлі марапаттармен сала ардагерлерін, бөлім мен мекеме басшыларын ұлығалады.

Атап айтсақ, облыс әкімінің Алғыс хаты Берік Қадырәлиев, Ренат Нұғыманов, Ризабек Дайынов, Шынболат Мусин, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  басшысының Алғыс хаты ардагерлер Иманмағзом Құспанов, Жұмағали Бердиев, Марат Хасановқа табысталды.

5b941830-f727-42f8-aeb7-0b0a9946d608

«Хиуаз Доспанованың 100 жылдығы» төс белгісімен құрылыс саласында ұзақ жылдар қызмет еткен сала  ардагерлері Аманжан Такешев, Өтежан Дайынов, Елдос Бектеміров, Мәлік Матыбаев марапатталады. Сала ардагерлері Ғаділжан Сәрсенғалиев, Ержан Рысқалиев, Болат Қалиев, Асылбек Құспанов, Фатихолла Зинуллаев, Әзірбай Ескендіров, Мүршида Мергенова, Сайфолла Әнесов және Жеңіс Бисенов, Дайырбек Рахметов, Бауыржан Нұрғалиев, Жасұлан Сүндетов, Дәурен Байжанов, Асқар Қуаншәлиев, Асан Жұмабеков, Өтеміс Сабиров, Артур Өтепов аудан әкімінің Алғыс хатын алды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов өз тарапынан бір топ адамдарды облыстық және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапаттап, мерейлерін өсірді. Құрылыс саласы ардагерлерінің атынан Елдос Бектеміров сөйлеп, ризашылығын білдіріп, кезінде болған атақты құрылысшылардың есімдері еленбей қалмаса екен деген ұсынысын айтты. Шара барысында сазды бағдарлама тамашаланып, кәсіби мереке иелерінің құрметіне әдемі әндер орындалды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521