Құрманғазыда праймериздің алғашқы пікірсайысы өтті

(0 Votes)

C.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылардың алғашқы тобының онлайн пікірсайысы (дебать) өтті.

Мінберлерде алты үміткер бас қосты. Олардың қатарында халық қалаулылары, аудандық мәслихаттың ІІ,ІІІ, IV,V,VI шақырылымының депутаты, «Каспий-Балық»ӨК-нің атқарушы директоры Жұмажан Шакупов («Nur Otan» партиясы аудандық филиалы), ІІ,V,VI шақырылымының депутаты, Құрманғазы СДО-ның директоры Бержан Кенжебаев (Еңбекші БПҰ атынан), VI шақырылымының депутаты, Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры Гүлсара Мүтиева (өзін-өзі ұсынушы) сияқты белгілі, есімі ауданға жақсы таныс үміткерлермен қатар, саяси додаға алғаш рет қадам басқан өзін-өзі ұсынушы Мереке Құмаров, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ернар Боранғалиев, еріктілер атынан Нұргүл Сұлтанова (Үлкен Ганюшкин БПҰ атынан) қатысты. Пікірсайысты модератор Наурызбай Бисенғалиев ашып, праймеризге ауданымыздан 30 адам түсіп отырғанына тоқталды. Онлайн пікірсайыстың ережеге сай екі бөлімнен тұратынын, бағдарламасын таныстыру үшін әр қатысушыға 5 минут уақыт бөлінетінін және әр үміткерге әріптесіне екі сұрақ беруіне рұқсат етілетінін жеткізді.

Бірінші кезеңде барлық қатысушылар өздерінің бағдарламаларында көтеріп отырған негізгі мәселелері жөнінде қысқаша ақпарат берді. Өзін-өзі ұсынушы Мереке Құмаров алғашқы болып бағдарламасын таныстырды. Жігерлі жас онда біраз мәселелерді қамтыпты. Сайлауалды бағдарламасында жұмыссыздықты жою, кәсіпкерлікті дамыту, білім, мәдениет, спорт мекемелеріне қолдау жасау, ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге атсалысу бар. Басқа да пікірсайысқа қатысушылардің бағдарламалары тыңдалғаннан соң, екінші кезеңде олар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді. Қысқаша тоқталсақ үміткер Жұмажан Шакупов праймеризге түсуші Ернар Боранғалиевтен бағдарламасындағы жастарды спортқа тартуды қалай жүзеге асыратынын сұрады.

ernar

– Мен жастарды спортқа көбірек тарту жөніндегі мәселені Парламент Сенатының депутатары келгенде де көтердім. Әр ауылда спорт кешені салынса жастар оған тартылады. Себебі онда өткен шараға қатысқандардың біреуі әлеуметтік желіге жүктейді. Оны көргендердің салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артады, - деген Е.Боранғалиев модератордың жастар орталығының жұмысына қатысты сұрағына тиянақты жауап қайтарды.

Қанат Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521