Құрманғазыда педагогтар вакцина салдыруда

(1 Vote)

Аудандық орталық ауруханада педагогтар қауіпті індетке қарсы екпе салдыра бастады. Бүгінге дейін өз еркімен өтініш білдірген 102 ұстазға «Спутник V» вакцинасы егілуде. Арнайы жасақталған 4 кабинетте профилактикалық екпе жұмыстарын жүргізудің стандартты тәртібі бекітілген, жауапты мамандар алдын ала біліктілігін арттырған.

Ереже бойынша алдымен екпе алушылардың денсаулығы тексерілді. Дәрігер Галина Чаплигина олардың эпидемиологиялық анамнезін жинақтап, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімнің жоқтығына көз жеткізді. Пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қойып, одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберілді. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірді. Кейін екпе салынған соң, мұғалімдер жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болды. Вакцинациялаудан өткендердің бірі – Ю.Гагарин жалпы орта мектебінің директоры Жамал Хасанованы сөзге тартқанымызда: - Көңіл-күйім де, екпеден кейінгі жағдайым да жақсы. Ешқандай өзгеріс байқаған жоқпын. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін әр мұғалім жауапты. Сондықтан вакцина алуды өзімнің азаматтық міндетім және борышым деп санаймын. Бізге ұжымдық иммунитетті қалыптастыру өте маңызды,-деді.   

malimder-vaktsina-1        

Медбике Райгүл Хайдарованың айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы ерікті түрде егілгісі келетін мұғалімдердің қатары артқан. Вакциналау екі кезең бойынша өтеді. Яғни, алғашқы компонентін алған адамға 21 күннен кейін екінші дозасы салынады. Ақпан айында аудандық емханаға Атырау қаласынан «Спутник-V» вакцинасының алғашқы 60 дозасы жеткізілсе, наурыз айының 8-і күні 130 дозасы әкелінді. Осы күнге дейін екпе алушылардың арасында өзін жайсыз сезініп, арыз-шағымын білдіргендер тіркелмеген.

malimder-vaktsina-3

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT