Құрманғазыда патриоттық шара өтті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Республика күніне орай  «Сарбаз – ел қорғаны» атты патриоттық шара ұйымдастырылды. Шара жүргізушісі, аудан өнерпазы Қайрат Сайфуллин алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары, аудандық әскерге шақыру коммиссиясының төрайымы  Гүлнар Хасановаға ұсынды.

s

-  Әскери-патриоттық тәрбие мақсаты – азаматтардың отансүйгіштік қабілетін ояту, елімізді қорғауға қызығушылығын ояту, Қазақстан халқының достығын сақтау мақсатында қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы жастардың саналы сезімін, көзқарасын қалыптастыруға болады.  Патриоттық тәрбиенің танымдары – жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың үлгі боларлық мінездерін қалыптастыру болып табылады.  Жастардың аға ұрпақтың лайықты мұрагері болуы үшін, батырларымыздың Отанды қорғау жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіріп отыруымыз қажет. Сол арқылы әрбір жас ұрпақ еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі керек. Отансүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім ордасынан басталады. Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру міндеті, олардың Отанды қорғауға ұдайы әзір болуы– ол әрбір ұстаз, әрбір жетекші-басшы, әрбір әскер басылар тапсырмасында жаңғырып тұруы тиіс , - деді.

Құрманғазы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, аудандық әскерге шақыру коммиссиясының мүшесі, қарулы күштер офицері, майор Ернар Мұхамбеталиев ел қорғаны болған қарулы күштердің құрылуы, қалыптасуына тоқталып, әскерден жалтару – азаматқа сын екендігін алға тартты.  Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдаструымен Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан құралған «Беркут» әскери-патриоттық клубы үйірме мүшелері автоматты жартылай бөлшектеп-жинақтау демонстрациялық көрінісін ұсынды.  

Ата-ана Тұрмағамбетова Қырмызы апай сахна төріне көтеріліп, әскери өмірде шыңдалу адамға өмірлік тәлім-тәрбие беретінін тілге тиек етіп, екі ұлы да жас сарбаз атанып, бүгінде әскери салада абыройлы қызмет етіп жатқанын мақтанышпен жеткізіп, ата-аналарға перзенттерін Отан алдындағы борыштарын өтеуге жіберулері қажеттігін айтты.



sarbazdar3Панфилов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұртілек Батуов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Қазиханов өскелең ұрпақты патриотизмге, Отанды сүюге тәрбиелеудің маңыздылығын тілге тиек етіп, әскерге бару текке уақыт өткізу еместігін алға тартып, жастарды қоғам алдындағы азаматтық парыздарын өтеуге шақырды.  

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT