Құрманғазыда патриоттық форум өтті

(0 Votes)

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, үкілі үміті. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухты ұрпақ» патриоттық форумы өтті.

img-20211126-wa0072

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Ж.Шамбузов форумның маңыздылығын тілге тиек етіп, сәттілік тіледі. Одан әрі жиналған көрермен «Сәлем саған, туған ел!» атты концерттік бағдарламаны тамашалады.

img-20211126-wa0069

«Біз – патриоттар ұрпағымыз!» тақырыбымен ұйымдастырылған ашық сұхбат алаңында бүгінде нәтижелі жетістікке жетіп, игі іс басында жүрген аудан жастарымен кездесу өтті.

Оны жүргізген Абай атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Р.Тоқаев сахна төрінен орын алған аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Сұлтановаға, Теңіз ауылдық округінің әкімі Қ.Мақсотовқа, аудандық мәслихат депутаты, қолөнер шебері Т.Жұмалиевке, «Құрманғазы» қайырымдылық қорының мүшесі Б.Бидоллаевқа, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Ермұратоваға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды. Олар бүгінде Қазақстанда жастарды ынталандыру және қолдау бойынша бірқатар мемлекеттік жобалар іске асырылып жатқанын, ресурстық орталықтың есігі әр жасқа әрдайым ашық екенін айтып, оларды өз елінің патриоты болуға шақырды. Форумда жастар «Алға, Қазақстан» флешмобын ұсынды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521