Құрманғазыда панельдік секция жұмысы ұйымдастырылды

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімі Тамыз кеңесі аясында Абай атындағы жалпы орта мектепте панельдік секциялар  жұмысын ұйымдастырды. Мақсаты – оқу-тәрбие үрдісіндегі басымдықтарды анықтау және  оның негізінде педагогикалық қызметтің жоспарын ұйымдастыру.

Панельдік секция жұмысына аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова қатысып, педагогтардың жұмысына сәттілік тіледі.

3ce3ff63-40a1-4841-b0c9-61ed0c35c5c7

Жеті секцияға бөлінген қатысушылар 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімді жолдарын талқылады. «ҰБТ- сапалы білім көрсеткіші» тақырыбындағы панельдік секцияның модераторы Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің  директоры Толқын Ажғалиева мектеп директорлары, оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен бірге ҰБТ-да нәтижелі көрсеткішке қол жеткізудегі кедергілерді айқындап, оның шешу жолын қарастырды. «Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару» тақырыбындағы панельдік секцияның модераторы  Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры Жамал Хасанова. сапалы білім берудегі  басқарушылық қызметтің жаңа бағыттары мен табысты тәжірибелері бойынша ашық диалог алаңында әріптестерімен пікір алмасты. Алдағы  оқу жылына жаңа міндеттер мен бағдарларды анықтады. "Құндылықтарға тәрбиелеу-ата-ана міндеті" тақырыбындағы панельдік секцияның модераторы аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Ұлмекен  Сапарова отбасының тәрбиелік әлеуетін құндылықтарға негіздеудің жолдарын көрсетіп, аудан  мектептері мен ата-аналар арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың жаңа форматтарын қарастырды.

f31d64ea-d1fb-4f1e-85b0-dfdb121443fb

«Оқушы дарынын дамытудағы ұстаздың ролі» тақырыбындағы панельдік секцияның модераторы білім  бөлімінің әдіскері Айжамал Арыстанова ғылыми жоба жетекшілерімен бірге  дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуың жаңашыл әдістерін үлгі ретінде ұсынып, табысты тәжірибе иелерінің  жұмыстары ортаға салынды. «Инклюзивті практиканы дамытуда  жайлы білім беру ортасын құру»  тақырыбындағы панельдік секцияның модераторы аудандық №5 психологиялық-педагогикалык   түзеу кабинетінің  директоры К.Қажымғалиева инклюзивті білім берудің  тиімді  тәжірибелерімен бөлісті.  «Авторлық бағдарлама-мұғалімнің зерттеу тәжірибелерінің нәтижесі» тақырыбындағы панельдік секцияның модераторы С.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұ.Иманғалиев авторлық бағдарламаларды оқушы қажеттілігіне негіздеудің маңыздылығына тоқталды.  «Мектеп парламенті – дербес тұлғаны тәрбиелеу кепілі» тақырыбындағы панельдік секцияның модераторы Еңбекші жалпы орта мектебінің мектеп парламентінің төрайымы Г.Манат дербес тұлғалық ерекшеліктерді дамытуда мектеп парламентінің рөлін ерекше атап өтіп, жаңа оқу жылында құндылыққа бағдарланған  мектеп парламентінің  жұмыс бағытын анықтады.

Панельдік секциялық жұмыстар әді де жалғасын табады. Пән мұғалімдеріне арналған 19 секциялық жұмыс облыстық әдістемелік орталық мамандарымен бірлескен түрде өткізіледі.

 

Айнагүл Шакупова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT