Құрманғазыда отбасы күніне орай семинар өтті

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде балалар жылы мен "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобасы аясында " Отбасы күні" мерекесіне орай "Отбасы – ұлағат мектебі"  атты  ауқымды семинар өтті.

Шара аудандық сот, аудандық аналар кеңесі, әкелер кеңесінің бастамасымен, аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып өтуде. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Г.Хасанова ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Сахнаға ауданымызға белгілі, ұлағатты ұлдар тәрбиелеп, ибалы келіндер түсіріп, олардан немерелер көрген Рахимовтер отбасы шақырылып, ұрпақ тәрбиесінің қыр-сыры, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас турасында шағын сұхбат алып, марапаттау рәсімі жасалды.

Семинардың екінші кезеңінде отбасында бірнеше қыз бала тәрбиелеп өсірген ата-аналарға арналып,ортаға Ильясовтар жанұясы шақырылды. Қызғалдақтардың анасы қызы бар отбасылар есінде ұстауы тиіс бірнеше ережелерге тоқталып өтті. Бұл жанұяны марапаттау үшін аудандық соттың судьясы Б.Меңсейітова шақырылды.Сонымен қатар, Бейбітгүл Мағазқызы соңғы кездегі аудандағы жас отбасыларының ажырасу фактілерінің көбеюуіне тоқталып,негізгі себептерін айта келе, отбасының бүтіндігі, ұрпақтың келешегі жайлы сөз қозғады.

0e8c3683-ba69-4e52-8cda-7b72eb7db0a0

Теміржолшылық мамандықтың қыр-сырын меңгерген Қазихан Мұхамбетқалиевтер отбасы ортаға шығып, теміржолшылар династиясы тарихымен бөлісті. Мұхамбетқалиевтер әулетін марапаттау үшін  «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ө.Есенғазиев шақырылды.

Қамкөңіл жандарға мейірім нұрын сеуіп, бауырларына жетімсіретпеген,ата-ана алдындағы борышын адал атқарып келген Жұмағалиевтер отбасы сахнаға шығып, өмірде тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандарға кеңестері мен с бағыттарын айтты.Әулетті марапаттау үшін аудандық аналар кеңесінің төрайымы Б.Хасенова шақырылды.

Қазір балаларын анасыз өзі ғана тәрбиелеп отырған әкелер де қоғамымызда жетерлік.Соладың бірі жалғызбасты әке Сағаден Нұрмұханов отбасымен ортаға шығарылды. Әке болумен қатар ана болу қызметін бірге арқалаған С.Нұрмұханов басынан өткен қиыншылықтары мен ұрпақтарының жеткен жетістіктерін де айтып өтті. Марапаттау рәсімін аудандық ата-аналар комитетінің және адвокаттар алқасының төрайымы Ұ.Сапарова жасады.

Тағдырдың қыр-сырын еңсерген, жолдасынан ерте айырылған ана Кабдоллаева Какима Қойбағарқызы ұрпақтарымен ортаға шақырылып, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қызықтар мен қиындар жайлы ой бөлісті. Анамызды марапаттау үшін ортаға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Хасенова Балғаным Хасенқызын шақырылды.

a77a2fb4-2242-47f9-819c-62e5d5ced0d1

Келесі кезекте сахнаға өңірімізде кеше ғана жаңадан отау құрып, бірлескен өмірге қадам басқан жас жұбайлар Мұрадым Мұзафар мен Тұрсынай Жасұланова шақырылды.

Жас отбасыға ақ баталарын беру жоралғысын жасау үшін ортаға өнегелі отбасының эталонына айналған Сағынжан Рахымұлы мен аяулы жары Бақыт Қабиболлақызы шақырылды.

Шара «Жұбайлар жыры» әнімен қорытындыланды.

 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT