ҚҰРМАНҒАЗЫДА «ҚОЛӨНЕР ДАУЫСЫ-2022» ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

(0 Votes)
С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қолөнер дауысы-2022» қолөнер шеберлерінің облыстық фестиваль-байқауының ашылу салтанаты өтті.
 
Бұл ауқымды фестиваль Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде ұлттың жаңа сапасын арттыруға, ұлттық қолөнерді жаңғырту мен дамытуға және ел тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған даму бағдарламасына сәйкес «Ұрпақ» Қазақстан қолөнер академиясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымызда өткізілуде.
311011619_1712291285817909_4759983277561220172_n
 
311139774_1712294895817548_903626062820313939_n
 
Байқауды аудан әкімінің орынбасары Хасанова Гүлнар Әдебиетқызы құттықтау сөзбен ашып, фестивалдің мақсаты кәсіп пен қолөнерді насихаттау, сәндік қолданбалы өнердің дәстүрлі түрлерін сақтау, дамыту, дәстүрлі халық мәдениетін сақтау екенін жеткізіп, қолөнершілерге сәттілік тіледі.
 
Байқау 9 аталым бойынша өтті, олар ағаш өнімдері, табиғи теріден жасалған өнімдер, тоқыма өнімдері, киіз өнімдері, тігіншілік, сурет салу өнері, мобилография өнері, графикалық дизайн өнері, фото түсіру өнері. Ауданымыздан 8 аталымға 107 қолөнер шебері қатысып, бақтарын сынады.
 
Байқау жұмыстарына Дәулетов Нұрберген Әбдрешұлы- кәсiпкер, ҚБ "Urpaq" Қазақстан Қолөнер Академиясының төрағасы, "Ақ желкен" шығармашылық орталығының басшысы,
Алпатанова Аяжан Сергейқызы - кәсiпкер, ҚБ "Urpaq" Қазақстан Қолөнер Академиясының басшысы, Халықаралық қолөнершілер одағының мушесі, Ұлт абройы төсбелгісінің иегері Елеусинова Салтанат Зулкайдарқызы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,тері, былғары, ағаш өнімдерінен қолөнер шебері Айпкалиев Кеңес Тұңғышбайұлы қазылық етті.
Қолөнершілер бұйымдарының көрмесінің есігі аудан тұрғындары үшін күні бойы ашық болды.
 
Байқауды аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы қорытындылап, ҚБ "Urpaq" Қазақстан Қолөнер Академиясының төрағасы Нұрберген Әбдрешұлы жеңімпаздарды марапаттады.
311413729_1712358175811220_2445367458309144847_n
Ағаш өнімдерінен бұйым жасау өнері бойынша:
Гран-при Т.Жұмалиев (облыстық кезеңге жолдама), І орын Б.Середенов, ІІ орын С.Қаженов, ІІІ орын Т.Харесов
 
Сурет салу өнері бойынша:
Гран-При З.Тақаев (облыстық кезеңге жолдама), Гран-При Шакидоллаева Аружан, І орын А.Айбекқызы, ІІ орын А.Салик, І орын Г.Ташева, ІІ орын Ш.Ганиев
 
Кесте тоқу, тоқыма өнері бойынша:
Гран-При М.Ақмұханова (облыстық кезеңге жолдама), І орын Д.Рысова, І орын А.Камалбек, ІІ орын І.Рахым, ІІ орын М.Карина, ІІІ орын Б.Елеусинова
 
Киіз басу өнері бойынша:
ІІІ орын Н.Фазыл, ІІІ орын А.Саламат
 
Тоқу өнері бойынша:
Гран-При Ғ.Рысқалиева, Гран-При А.Габдулкаким, І орын І.Марат, ІІ орын А.Салик, ІІІ орын Ж.Қайырлы
 
311313045_1712290499151321_76305955618773756_n
 
3
 
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT