Құрманғазыда округ дүкендеріне рейдтік шара ұйымдастырылды

(0 Votes)

Аудан әкімі жанынан құрылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын реттеу, қорын қалыптастыру бағытындағы мониторингтік топ Ақкөл, Жаңаталап, Нұржау және Орлы округтерінде болып, кәсіпкерлікпен айналысатындардың сауда орындарында рейдтік шара ұйымдастырды.

Теміржолшылардың ауылында қазіргі уақытта жиырмаға тарта азық-түлік дүкендері тұрақты жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды. Мониторингтік топ алдымен вокзал маңына жақын жердегі жеке кәсіпкер Сәуле Кесікбаеваның «Болашақ» азық-түлік дүкеніне бас сұқты. Топ жетекшісі, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі елдегі төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде ішкі сауда нысандарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар мөлшерінің сақталуына бақылау жүргізу жөнінде жергілікті атқарушы органдар үшін ұсынымдар берілгенін айтып өтті. Осының негізінде Атырау облысы бойынша белгіленген бірінші сортты бидай ұны, одан жасалатын нан, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық жұмыртқасы және тұз сияқты тоғыз түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағасымен таныстырды. Аталған тауарлар құнын орынсыз көтеруге болмайтындығы ескертілді, көтерген жағдайда да босату құны көрсетілген құжатты тіркеп отыруды тапсырды.

img_9402

img_9396

Аудандық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Карл Отаров санитарлық тазалық шараларын қатаң ескеру, тұтынушылардың дүкенге бетпердемен, қолғаппен кіруі, заласыздандыру сұйықтықтарының, антисептиктердің болуы, кезекке тұрушылардың ара қашықтығы сақталуы, әр үш сағат сайын міндетті түрде ди хлор ертіндісімен дүкен ішінің жуылып тұруы сияқты талаптарды қаперге берді. Осындай түсінік жұмыстары барлық дүкендерде жүргізілді.

img_9410

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT