Құрманғазыда Наурыз мерекесі аталып өтті

(0 Votes)

Бүкіл түркі әлемі үшін маңызды әрі ұлы саналатын Наурыз мейрамына орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің алдында «Әз Наурызым-Ұлы дала жаңғырығы!» атты   мерекелік шара ұйымдастырылды.

Алдымен киіз үй жанында орнатылған  қазанға бауырсақ пісіруден, сойылған қой малы терісі сыпырылғаннан кейін оны жіліктеуден шеберлік сағаты өтті.

22

33

Қыз бен жігіт келіп дүбірлі Наурыз тойының басталғанын хабарлағаннан соң, ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз туралы баяндайтын театрландырылған көрініс жүзеге асты. Шашу шашқан ақ жаулықты әжелер, жұртшылыққа бауырсақ пен көже үлестірген қыз-келіншектер, тайқазан көтерген батырлар, ұлттық үрдісте мың бұрала билеген бишілер, көптен сағына күткен Көктем аруының ортаға енуі, Қыдыр атаның бата беруі және басқа да көріністер шараның сән-салтанатын асырды.  Концерттік бағдарламада «Нұршуақ» әжелер және Алтынсарин орта мектебінің оқушыларынан құралған  ансамблі, «Наз», «Қарлығаш» би топтары, Талапқали Зайнулиннің көркемдік жетекшілігімен «Жиделі» фольклорлық-халықтық ансамблі,  әншілер Гүлзада Кенжешова, Толыбай Қажыгереев, «Ару» тобының паш еткен өнерлеріне көпшілік тәнті болды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жастар алтыбақан тепті. Қонақтар думанды тойда киіз үйде жайылған ұлттық тағамдар ұсынылған дастарханнан дәм татты. Бір-біріне ақ тілек, баталарын арнады.   

55

77

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT