Биыл Атырау облысында 9 мемлекеттік қызметші ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына оқуға түсті.
Соның ішінде біздің Құрманғазы ауданынан аудан әкімінің орынбасары СИСАТОВ БОЛАТБЕК СЕРІКҰЛЫ 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 30 маусымына дейін «Мемлекеттік басқару» өндірістен қол үзіп оқу бағдарламасы бойынша магистратураға 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданса, Құрманғазы ауылдық округі әкімінің орынбасары ӘЖІГЕРЕЕВ МЕРЕЙ ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 30 маусымына дейін оқу мерзімі 1 жыл «Өңірлік даму – Master of Regional Development» өндірістен қол үзіп оқу бағдарламасы бойынша магистратураға 2022-23 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданды.
Мемлекеттік қызметшілерге білімдерін жетілдіру жолында жасалған қадамдарына сәттілік тілейміз!
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі