Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы № 532 Жарлығына сәйкес Конституция күні қарсаңында Құрманғазы ауданында мемлекеттік қызметшілердің АНТ беру салтанатты рәсімі өтті.
Шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Әдебиетқызы Хасанова жиынға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, ант беруші мемлекеттік қызметшілерге алдағы қызметтеріне сәттілік тілей отырып, ант беру рәсімін ашық деп жариялады.
Көптоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жігерұлы Мейірхан, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қазиханов Бекзатқали Абатұлы Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына сәйкес салтанатты түрде ант қабылдады.
Мемлекеттік қызметшілерге азамат алдындағы ең қиын сынақ халыққа қызметтерінде сәттілік тілейміз.
Құрманғазы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі