Құрманғазы ауданында мал ұрлануына байланысты қылмыстардың ұлғаюы байқалады.
Әрбір ауыл тұрғыны үшін сиырлар, қойлар, жылқылардың жоғалуы жанына ауыр тиеді, өйткені бұл жануарлар көпшілік үшін күнкөріс көзі болып табылады. Талдауға сәйкес, ұрлықтың 80%-ы мал иелерінің өздерінің кінәсінен, яғни бақылаусыз жаюдан, сәйкестендіру нөмірлерінің жоқтығынан болып табылады. Ауылдағы барлық елді мекендер үшін, бұл аса маңызды мәселе. Көшеде жануарлардың қараусыз жүруі әсіресе түнде жол апатын туғызады. Бұл жергілікті тұрғындармен жиналыстарда талқыланды, жануарларды сақтау ережелері түсіндірілді. Алайда, орындалмай отыр.
Жануарлардың санын сақтап, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына елеулі зиян келтіретін мал ұрлығы мәселесін шешу үшін, Құрманғазы ауданының аумағында 2020-2021 жылдарға арналған аудан әкімдігімен, аудандық полиция бөлімшесімен, ауданның ветеринариялық инспекциясымен бекітілген қылмыстарды болдырмау жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес мал шаруашылығының иелеріне шаруашылық малдарын таңбалаудың дәстүрлі әдістерімен бірге электронды чипті қолдануға кеңес беріледі. Чип – бұл жануардың микроскопиялық электрондық құрылғысы, чипті имплантациялау әдісі. Бұл мүлдем қауіпсіз әдіс болып табылады, көптеген жылдар бойы бүкіл әлемде сәтті пайдаланылып келе жатыр. Чиптің имлантациясы жануарлар үшін ауыртпалықсыз өтеді. Сканерлер-қалта, портативті немесе станционарлық чиппен қамтамасыз ету малдың санын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар чипті сырға ретінде алып тастау мүмкін емес немесе бояу ретінде өшірілмейді, ол ешқашан жоғалмайды, жалған болмайды. Бұл жануардың паспорты.
Сондай-ақ, жануарға тіркелген сигналдық белгілер болып табылатын GPS-сигнализация құралдарын пайдалануға болады, олар оның орналасқан жері туралы хабар жібереді. Бұл рәсім ақылы алайда оған жұмсалған шығын өзін ақтайды. Біріншіден, жануардың иесі тері астына имплантацияланған чипті сканерлеу арқылы әрқашан жануардың кімге тиесілі екендігін дәлелдейді. Екіншіден, егер жануар ұрланған болса, чип етте қалады. Табылған жағдайда ет ұрланған жануардікі екендігін және өз кезегінде ұрлық жасаған адамды анықтауға көмектеседі. Ауылдық окрутерде жайлымдық жерлерде мал бағуға бақташы ұйымдастыру қажет. Біз азаматтарды, әсіресе ауыл тұрғындарын мал ұрлығының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға, қырағы болуға шақырамыз.
А.Касимов,
Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы