Құрманғазыда үлгілі отбасылар марапатталды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде балалар жылы мен «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасы-ұлағат мектебі» атты семинар өтті.

Шара аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанованың құттықтау сөзімен басталды.

Өмірдің ақ пен қарасы сынды кейінгіге үлгі болар пайым-парасаты мол, өнегелі отбасыларсахна төріне шақырылып, жүргізушімен әңгімелесіп, сұхбаттасты.  

05d2594d-ea11-418c-8ae6-893ad75873ab

«Ұлағатты ұл мен ибалы келін отбасының берекесі» атты тақырыпта Рахимовтер, «Ізетті қыз-отбасының абыройы» тақырыбында Ильясовтар, «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында Мұхамбетқалиевтер, «Жақсы аға қорғаның, жақсы жеңге сырласың» тақырыбында Жұмағалиевтер, «Әке тәрбиесі-өмірлік ұстаным» тақырыбында Сағаден Нұрмұханов отбасы, «Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы» тақырыбында Какима Қабдоллаева, «Отбасылы болу-өнегелі ғұмырдың бастауы» тақырыбында жас отбасы Мұрадым мен Тұрсынай марапатталды.

6a48b0a3-af99-4c17-8490-8614cdea9c3b

Сонымен қатар, семинарда Харекет қайырымдылық қорының 739 және 740баспанасы ауданымыздың тұрғындарынатабысталып, «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілері Азамат Ғалижанұлы, Ақмарал Ерсайынқызы, Ақдария Исағалиқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

b7cfb9cf-857a-4e0a-8ee5-fb3a8a0ef611

Мерекелік шара барысында Руслан-Дария Мұхтаровтар, Нұрғазы Ғапуұлы ән шырқап, барша өнегелі отбасылардың құрметіне арнап «Жұбайлар жыры»  әнімен Қайрат Ғапуұлы кешті қорытындылады.

 

Ақмарал Бисембайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521