Құрманғазыда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 86-ға жетті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 86-ға жетті.

Оның 80-і ауданымыздан анықталса, 6-ауы шекара арқылы өткен басқа өңірдің тұрғындары. Күні бүгін Құрманғазыдан – 21, Бірліктен – 1, Алғадан – 3, Ақкөлден-45, Жаңаталаптан-5, Кудряшовтан-1, Қиғаштан-1, Еңбекшіден-3 жағдай тіркеліп отыр. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. Жазылып шыққандар саны – 15. Күнделікті статистикалық ақпарат көрсеткендей, әлем бойынша қауіп төндіріп тұрған аты жаман індеттің көрсеткіші азаймай тұр. Сондықтан, аурудың алдын алып, санитарлық талаптарға ден қойған жөн.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT